Kyzylorda-news.kz 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалында бастауыш ұйымдарында еңбегімен елдің алғысына бөленіп жүрген бірқатар азаматтар бас қосты. Жиында сөз алған  филиал төрағасы Гүлжауһар Төлегенқызы мерекенің мән-мазмұнына тоқталып, ер азаматтарды мерейлі мерекемен құттықтады.

– Бұл айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді күзететін халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміз бар. Әр отбасының алтын қазығы болған ер азаматтардың орны қашанда биік. Сондықтан  абзал азаматтарымызға деген алғыс пен құрметіміз шексіз. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Әрқашан Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді қалыпта жастарға, ұрпаққа өнегесіздер. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және ұзақ ғұмыр тілейміз,  – деді ол.

Кездесуде «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының алқа мүшесі, ауданының Құрметті азаматы Әбдірахман Құлдүйсенов ағамыз қатысушыларды отан қорғаушылар күнімен құттықтап, елге адал қызмет ету – әркімнің өз отбасынан бастау алатынын,  ата-ана балаларын адал еңбегімен тапқан нанымен асыраса, адал тамақты жеп өскен ұрпақтан ертең Отанға адал қызмет ететін тұлғалар тәрбиеленіп шығатынын тілге тиек етті.  

Жиын соңында «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалы атынан Қармақшы агротехникалық колледжі, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Әбдікәрім Жұбанышовты, №121 мектеп, география пәні мұғалімі Абай Әліповті, №26 мектеп, биология пәні мұғалімі Әбдірахман Мусаевты, обаға қарсы күрес  мекемесінің автокөлік жүргізушісі Мирамбек Өмірзақовты, аудандық емхана бағдарламашысы  Ержан Бәкіровті, аудандық емхана, сантехникнигі Батырұлан Ерімбетовті, №5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының электригі Мұхит Қозыбағаровты, «Қармақшысушар» өңдірістік учаскесінің қызметкері Данабек Алмашовтарға арнайы алғыс хаттар мен естелікке сыйлықтар табыс етілді.

Туған еліңді сүю – ақылдың ғана емес, жүректің ісі. Осы туған ел мен жерге еге болу, амандығын тілеу, ұрпақтың болашағына жауаппен қарау, ел тыныштығымен қатар рухани бірлікті сақтау – әрбіріміздің парызымыз.

Тағы да оқыңыз: