Kyzylorda-news.kz БҚО-да өз анасын өлтірді деген күдікке ілінген 16 жастағы жасөспірімге қатысты іс сотқа жолданды. Бұл туралы kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шыңғырлау өңіріндегі әйел өліміне қатысты тергеу сегіз айға созылды. Күдікті ретінде әйелдің 16 жастағы ұлы ұсталған. Қылмыс 2023 жылдың 18 қазанында болған.

"Істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Динара Ғылманова қарайды. Сотталушы кәмелет жасқа толмағандықтан сот отырысы жабық есік жағдайында өтеді. Жасөспірімге “Кісі өлтіру” бабы бойынша айып тағылған", – делінген сот хабарламасында.

Басты сот отырысының өтетін күні әлі белгіленбеген.

Фото: icon sportswire

Тағы да оқыңыз: