Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы өкілдерімен кездесті.

Кездесудің мақсаты – жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі. Кез келген дамыған қоғамда жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бірден-бір күрделі және маңызды мәселе. Міне, осындай күн тәртібінен түспейтін мәселені талқылаған кездесуді ЗК-169/4 мекемесінің  бастығы әділет майоры Р.Алимов ашып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Жиын барысында  «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев Мемлекет басшысының  2020 жылғы 1 қыркүйектегі  Жолдауына тоқталып, мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру кезінде қызметтік этика нормаларын сақтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде кеңес берді.

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Әбдікәрімов  сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды деді.   Азаматтар тарапынан қоғамдық қабылдауға келіп, көптеген шағымдар түсетінін жеткізді.  Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалғыз адам емес, қоғам мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің бірігуімен қарсы тұруға болатынын, әрбір қызметкер жауапкершілікті сезініп, өз қызметінде осы індетпен барынша күрес жүргізбей,  жеңіске жету мүмкін емес екенін айтты.

Жиын соңында «Нұр Отан» партиясының  өкілдері қызметкерлердің  сұрақтарына  жауап берді.

Тағы да оқыңыз: