Kyzylorda-news.kz   Танымал әнші Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуімен қайта табысып, су жаңа бейнебаянына түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі жеке өміріндегі жақсы жаңалықты жария еткен продюсерге алғыс айтты.

“Әлеуметтік желіге кірмегелі көп болды. Сол себепті мына жарасымды жұптың қосылғаны туралы жаңалықты жіберіп алыппын. Дильназ, сені ұзақ уақыт танимын. Сен бір сүйсең, қатты сүйетін адамсың. Оны жақсы білемін. Сендерге тек қана бақыт тілеймін", – деп жазған еді продюсер.

Сондай-ақ страда жұлдызы да бейнебаянның түсірілімінен үзінді жариялап, командасына алғыс білдірді.

“Сені табысқа кенелтіп, бақытқа бөлейтін – араласатын ортаң деп бекер айтылмапты. “Неге қайта” бейнебаянында түсірілім алаңынан табылып, менің жанымда болған жандарға алғыс білдіремін. Менің күйеуім өзі актер болғасын басты рөлге бекітілді”, – деп жазды әнші. 

Фото: https://www.instagram.com/impresario.tv

Тағы да оқыңыз: