Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Марат Құрманбаев партия алаңында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келуші азаматтар мерзімді әскери қызметке шақыру барысында тұрақты жұмыс орнындағы қызметін (лауазымын) сақтау, су тасу ықтималдарын болдырмау және өзге де тақырыптар бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортағы салды.
Марат Құрманбаев мерзімді әскери шақыру барысында тұрақты жұмыс орны және лауазымы сақталатынын, әскерден келгеннен кейін жұмысын қайта жалғастыру мүмкіндігі бар екенін түсіндірді.
Облыс бойынша су тасқыны қауіпті аймақтар анықталып, дария арнасында науқан кезінде осал аймақтарға кезекшілік және бөгендерді нығайту шаралары қолға алынатынын жеткізді.
