Kyzylorda-news.kz Түркістан облысында Біртілек ауылында жоғалған баланың денесі табылды. Оның жоғалғаны туралы ақпарат кеше түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік дерегінше, 16 наурызда Түркістан облысының Біртілек ауылында 2019 жылы туған бала 15-00-де үйден шығып, қайтып оралмағаны туралы ақпарат келіп түскен.
Куәгердің айтуынша суару каналында аяқ киім табылған.
“Бүгін сағат 16-40-та іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 км қашықтықта тауып, судан шығарып алды.
Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың және полицияның 93 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
