Kyzylorda-news.kz. Гуманитарлық-педагогикалық институтының ұйымдастыруымен «Білім беру бағдарламалары: қажеттілік пен сұраныс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Гуманитарлық-педагогикалық институтының білім беру бағдарламаларына жұмыс берушілер тарапынан талдау жасап, еңбек нарығындағы қажеттілік пен сұранысты анықтау. Сондай-ақ, институттың 2021-2022, 2022-2023 оқу жылының жұмысқа орналаспаған түлектерін жұмыс берушілермен, облыстық еңбек мобильділігі орталығы мамандарымен кездестіріп, жұмысқа орналасу мәселесін талқылау.
Дөңгелек үстелге облыстық еңбек мобильділігі орталығы КММ бөлім басшысы Абылай Самыратов, Бағдаулет Төребек, Рекрутинг және мансап басқармасының басшысы Жандос Оразмаханов, жұмыс беруші білім беру бағдарламаларының филиалдарынан «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары Айжан Абдуллаева, Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ұлжан Жорабекова, ағылшын тілін үйрету орталықтарының әкімшіліктері және өзге де мектеп директорлары қатысты.
Дөңгелек үстелде түлектер өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасудың тәртібін, ваканттық бос орын конкурсына қатысу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды. Іс-шара нәтижесінде Гуманитарлық-педагогикалық институтының білім беру бағдарламаларына жұмыс берушілер тарапынан қажеттілік пен сұраныс анықталды, өз саласы бойынша жұмысқа орналаспаған түлектер бос орын конкурстарына қатысу тәртібін үйреніп, жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізді.

