Kyzylorda-news.kz Ақтау тұрғыны жұбайының зорлық-зомбылық жасап, қудалауына байланысты Қазақстанның құқық қорғау органдарынан көмек сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Арайлым есімді әйел өз оқиғасын БАҚ-қа айтып, видео жариялады. Онда ол барлық құқық қорғау органдарынан күйеуінен қалай қорғануды білмейтінін айтып, көмек сұрайды.
Айтуынша, ол жұбайымен 13 жыл бірге тұрған.
"Білесіздер бе, мен Бишімбаевқа қатысты сот процесін көріп, таңғалдым. Оның не айтатынын алдын-ала білген сияқтымын. Даусы, сөйлеу мәнері. Мұндай адамдар бірдей өмір салтын ұстанып, бірдей ойлау қабілетіне ие бола ма? Өз басым тозақта өмір сүрдім. Одан 2023 жылы кеткім келді, бірақ үш кішкентай балам бар еді. Ол мені ата-ана құқығынан айырамын деп қорқытты, аңғал және жас болдым. Қорыққанымнан қайтып келдім. Ақырында одан таяқ деп ауруханаға түстім", - дейді Ақтау тұрғыны.
Жұбайымен ақырғы кездесуінің соңы Арайлым үшін ауруханаға түсумен аяқталған. Наурызда ер адамға әйеліне жақындауға тыйым салатын қорғау нұсқамасы туралы үкім шыққан. Алайда бұл оны тоқтатпапты.
"9 наурызда күйеуім Ақтау әуежайынан келе жатқанымда ізімнен түсіп апатты жағдай туғызды. Соның салдарынан мен тоқтауға мәжбүр болдым. Ол көлігіме жақындап келіп, есікті ашуымды талап етті. Қоқан-лоққы көрсетіп, бейәдеп сөздерін айтты. Мен есіктерді жауып алдым. Ол көп ойланбастан жүргізуші жақтағы әйнекті бір ұрып, сындырды", - дейді әйел.
Айтуынша, жанында құрбысы отырған. Ол болған жағдайдың бәрін видеоға түсіріп отырған. Оқиға орнына полиция келгенде, Арайлым орнынан қозғала алмаған. Жүргізуші орындығында есін жия алмай, біраз уақыт жылап отырып қалған. Осы кезде құрбысы полицейлерден жедел жәрдем шақыруларын өтінген, бірақ олар асықпаған.
"Полиция қызметкерлері менің жағдайымды көре тұра, асықпай, шамамен 10 минуттан кейін ғана қоңырау шалды. Онымен (күйеуі – авт) сыпайы түрде сөйлесті. Ол мені тіпті полиция тұрса да қорқытудан жасқанбады. Құрбым жағдайға араласып еді "жеке отбасылық өмірге араласпауын және арандатушылық тудырмауын" сұрады. Ал маған орнымнан тұрып, көліктеріне барып, арыз жазуым керек деді. Мен стресс пен суықтан дірілдей бастадым, бүкіл денем құрысып қалды. Бұл қорқынышты түс секілді. Жедел жәрдем келгенде ғана есім жиылғандай болды”, - деді Арайлым.
Әйелдің айтуынша, кейінірек ол ауруханада жатқан кезде полицейлер келіп, қорғау нұсқамасының бар екенін білмейтіндерін мәлімдеген. Алайда оның бар екені видеода бірнеше рет айтылған.
Арайлым өзін қорғау туралы туралы өтініш пен хаттарды барлық инстанцияларға, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қорларға және ел президентіне жіберген. Ол өзінің видео үндеуінде соққыға жығылған суреттерін жариялады.
Фото: Stan.kz (видеодан скрин)