Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады – Kyzylorda News
Басты бет

Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады

10.02.2020, 12:25

402 0

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы бірқатар лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды.  

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы А.Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды. 

0

Пікір қалдыру