Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қармақшы ауданындағы Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының төрағалығымен аудандағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы барлық сала мамандары мен жоғары сынып оқушылары ата-аналарының кеңейтілген мәжілісі өтті.
Жиынға аудандық мәслихат төрағасы бастаған депутаттар, аудан прокуроры, қоғамдық кеңес мүшелері, аудан ардагерлері мен құзырлы орган қызметкерлері, білім саласы мамандары қатысты.
Мәжілісте көтерілген басты мәселе аудандағы кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы топтық төбелестердің толастамауы болды.
Мәжіліс қорытындысымен аудан басшысы білім және полиция бөлімі басшылығына ауданда болған келеңсіз оқиғаға қатысты рейдтік бақылау жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
