«Томирис» фильміндегі каскадерлер әлемдегі ең беделді сыйлыққа ие болды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

«Томирис» фильміндегі каскадерлер әлемдегі ең беделді сыйлыққа ие болды

23.01.2021, 13:00

604 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық каскадерлер тобы Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Taurus» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Nomad Stunts» каскадерлер тобы бұл сыйлықты «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Томирис» фильміндегі трюктер үшін жеңіп алды.

«Құрметті достар, бүгін 12 келілік «Taurus» сыйлығы АҚШ-тан @nomadstunts каскадерлер тобына және оның жетекшісі @kunguzhinov-ке жеткізілді. Бұл әлемдегі каскадерлердің ең беделді кәсіби сыйлығы, оны біздің «Қазақфильм» киностудиясының туындысы – «Томирис» фильміндегі трюктерді жоғары деңгейде қойып, орындағаны үшін жеңіп алды», – деп жазды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының басшысы, фильмнің режиссері Ақан Сатаев Instagram-да.

0

Пікір қалдыру