Kyzylorda-news.kz Арал ауданындағы белді кәсіпкерлердің бірі, бүгінде ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатқан облыстық мәслихат депутаты Мейрамбек Жұмашевтың Ақирек тауының етегінде қолға алып жатқан бірқатар жұмыстары жөнінде бұған дейін де ақпараттандырған болатынбыз. 

Жалпы аумағы 380 гектар жеке меншіктегі жерде іске асырылып жатқан ауқымды жобаның бірі тоған шаруашылығын жүзеге асыру болатын.

Құны 685 млн теңге болатын жобаны жүзеге асыру мақсатында «Байқоңыр» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы 513 млн. теңге несие қаражаты мақұлданып, тоған аумағын қазу жұмыстары бүгінде өз мәресіне жетіп, жобаның гидроқұрылыс жұмыстары да аяқталды. Осы жылы 200 мың дана майда балық шабақтарын жіберу керек болса, бүгінгі таңға 50 мың дана ақамур, дөңмаңдай, сазан сынды балық шабақтарын тоғандарға жіберу жұмыстары қолға алынуда. 

Бұл балық шабақтары өзіміздің Қамыстыбас балық питомнигінде өсірілген. Жылдық қуаттылығы 300 тоннадай болатын тоған шаруашылығында алдағы уақытта сазан тектес балықтар өсірілетін болады.

Тағы да оқыңыз: