Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласы аумағында жыл басынан бері 135 өрт оқиғасы орын алған. Өрттің салдарынан 4 адам қаза болды.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Ғабит Бабаев баяндады.

- Орын алған өрт оқиғаларын талдайтын болсақ, тұрғындардың өрт қауіпсіздігі шараларына салғырт қарауы, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, электр сымдардың дұрыс жалғанбауы мен ескіруінен, балаларды қараусыз қалдыруынан және ішімдік ішіп масаң күйде болуынан орын алған, - деді Ғабит Әбдінәбиұлы.

Бүгінде қалалық төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан тұрғын үй секторында өрттің болуына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

Қала тұрғындарын төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырамыз. Төтенше жағдайға әкеп соғуы мүмкін кез келген күдік туындаса, 101, 104 немесе 112 шұғыл қызметтердің телефондары арқылы хабарлау қажет.

Тағы да оқыңыз: