Kyzylorda-news.kz ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев, Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов және партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Арал қаласындағы Төтенше жағдайлар және өрт сөндіру қызметінің мамандарымен кездесті.
Онда төтенше жағдайлар кезінде қауіп-қатерді азайтып, жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін бөлімнің материалдық техникалық базасымен танысты.
Аудандық өрт сөндіру бөлімі ғимараты 4 қабатты. 2017 жылы пайдалануға берілген. Бөлім маңында отбасылы қызметкерлер үшін 7 пәтер және 40 адамға арналған жатақхана орналасқан. Өрт сөндіру бөлімінде жалпы штат бойынша 102 қызметкер жұмыс жасайды. Күнделікті тәуліктік жауынгерлік кезекшілікке 5 өрт сөндіру автокөлігі, 1авариялық құтқару автокөлігі 2 көмекші және 25 жеке құрам түседі екен. Өткен жылы техникалық базаны нығайту мақсатында бөлімге қосымша 2 дана жаңа «Камаз» өрт сөндіру автокөлігі алынған.
Кездесу барысында өрт қауіпі жоғары маусымның өзекті мәселелері мен халықтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Халық қалаулылары қауіпті, әрі жауапкершілігі мол сала мамандарының жұмысына табыс тіледі.