Kyzylorda-news.kz   Кеше сағат 15:15 шамасында күн райының күрт бұзылып, бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауып, екпінді жел тұруы салдарынан Арал қаласы көлемінде әлеуметтік нысандар мен кәсіпкерлік ғимараттарға және тұрғын үйлерге және тағы да басқа қоғамдық аумақтарға зақым келді. Қаланың орталық көшелерін су басып, көліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына қиындық келтіруде.

Табиғаттың тосын мінезінен орын алғын қолайсыздықтарды қалпына келтіру мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті. Комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев қала бойынша ахуалды тұрақты бақылауға алып, барлық мекеме басшыларына жағдайды қалыпқа келтіруге күш салу керектігін жеткізді.

Қазіргі таңда аудан әкімдігі, ауданның барлық коммуналдық қызметі, төтенше жағдай бөлімі мен барлық дербес бөлімдер күшейтілген режимдегі жұмыс кестесіне көшті. Орын алған ақауларды анықтап, қалпына келтіру жұмыстары үздіксіз жүргізілетін болады.

Фото: Арал ауданының әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: