**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/)** **Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына оқуға шақырады.** Оқуға түскен талапкерлер курсант атанып, республикалық бюджет есебінен оқытылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар каникулярлық демалыс кезіндегі жол ақысы төленеді. Институттың күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған тұлғалардың білім алу уақыты əскери қызметті өтеу уақытына теңеледі. Институтқа түсуге ынта білдірген тұлғалар, тұрғылықты мекен-жайы бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттерінің кадр жұмысы бөлімшелеріне өтініш (ерікті түрде) береді. Құжаттар үміткерлерден қаңтар мамыр айлары аралығында қабылданады _(үміткерлердің қызметке жарамдылығынанықтау үшін əскери-дəрігерлік комиссияларда медициналық жəне психофизиологиялық куəландырудан, оның_ _ішінде полиграфологиялық зерттеуден, сондай-ақ міндетті арнайы тексеруден өтеді);_ 11 маусым – үміткерлер Институтқа оқуға тіркелу жəне кешенді тестілеуге құжаттар тапсыру үшін келеді _(жалпы орта білім беру ұйымдарын, техникалық жəне кəсіптік (бастапқы жəне орта кəсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарын өткен жылғы бітіргендер үшін)_. 16 шілде – Институтқа оқуға ҰБТ сертификаттарымен үміткерлердің келуі; 17-24 шілде – əскери-дəрігерлік комиссиядан өту ; 24-26 шілде – дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсыру; 27 шілде – күндізгі оқу факультетіне қабылдау. Оқуға түсуге ниет білдірушілер мына мекенжайға хабарласуларына болады: Қызылорда қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі, 69. Байланыс телефондары: 8 (7242) 70-03-26; 55-10-75.