Kyzylorda-news.kz. ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ҚР аумағына кіруге шектеу қоюға қатысты түсініктеме берді.
«Шектеу – бұл тыйым салу емес. Шет елдерде жүрген біздің отандастарымыз Қазақстанға кіре алады. Бұл шектеулер негізінен шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты қолданылады», – деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінен.
Айта кетсек бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойды.
Жарлыққа сәйкес ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы тоқтатылып, Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.