Төтенше жағдай: Қызылордада бетпердесіз жүрген 25 азамат жауапқа тартылды – Kyzylorda News
Басты бет

Төтенше жағдай: Қызылордада бетпердесіз жүрген 25 азамат жауапқа тартылды

13.04.2020, 16:00

1119 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында сәуірдің 12-не қараған түні сағат 00:00-ден бастап тұрғындар мен көлік қозғалысына қатаң шектеулер қойылды.

Облыс тұрғындары қаулыда көрсетілген талаптарды орындамай 100 автокөлік иесі көліктердің қозғалысына тыйым салынса да көшеде жүргендері анықталып, автокөліктер айыппұл алаңына қойылды. Атап айтқанда, Қызылордада – 61, Арал – 1, Қазалы – 12, Қармақшы – 5, Жалағаш – 2, Шиелі – 3, Жаңақорған – 1, Байқоңыр Өкілдігі – 5.

Сонымен қатар карантин кезінде көшеде бетпердесіз 25 адам жүрген.

Ал, 1 азамат үй карантин режімін бұзып, көшеге шыққан.

«Жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті шара қолдану үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Бүгінде полиция қызметкерлерімен облыс бойынша 421 құқық бұзушылық анықталып, сот шешімімен 99 кафе иелерімен жеке үй тұрғындары 5 және 7 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынса, 77-не 10 АЕК (10.04.2020 жылдан бастап 1 АЕК 2778 көбеюіне байланысты) 27780 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, 1-не ескерту берілді», – деп мәлімдеді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.