Kyzylorda-news.kz. Төретам кенті және Ақай ауылдық округі бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кенттік комиссия отырысы өтті. Жиынды комиссия төрағасы Ғалымжан Тажмағанбетұлы жүргізді. Жиналысқа комиссия мүшелері, аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты. 

Күн тәртібінде Байқоңыр қаласы әкімшілігінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясымен анықталған кәмелет жасқа толмағандардың құқықбұзушылығы, Жастар ресурстық орталығының кәмелетке толмағандар мен жастарға бағытталған жұмыстары, Темір жол аумағындағы балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау шаралары, 2023 жылдың ІІ тоқсанында (сәуір, мамыр, маусым) атқарылған жұмыстардың есебі талқыланды.

Отырыста Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрілігі Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторы М.Мурзагалиеваның орын алған құқықбұзушылық туралы баяндамасы, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі және ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.Сонымен қатар, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұржұман Пірназаровтың кәмелетке толмағандар мен жастарға бағытталған жұмыстары туралы баяндамасы назарға алынды.

Комиссия төрағасы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, түнгі мезгілде ойын-сауық орындарында болмаудың алдын алу мақсатында жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Төретам кенті ардагерлер кеңесінің мүшелері Төретам кентінен жастар ресурстық орталығын ашу жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Тағы да оқыңыз: