Kyzylorda-news.kz. Төретам кенті және Ақай ауылдық округі бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кенттік комиссия отырысы өтті.

2023 жылдың 23 мамыры күні Төретам кенті және Ақай ауылдық округі бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кенттік комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысын комиссия төрағасы, Төретам кентінің әкімі Ғалымжан Тажмағамбетұлы жүргізді. Жиналысқа комиссия мүшелері, Байқоңыр қаласының прокуратурасының прокуроры Н.Тілекбай және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Төретам және Ақай а/о мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар, мектеп психологы қатысты. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. 

Бірінші мәселе бойынша балалардың жол көлігі жарақаттарының алдын алу жөнінде қабылданған шаралар мен кәмелетке толмағандарды жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға қалыптастыру туралы сөз болды. Екінші кезекте мектеп педагог-психологының тәрбиелік әрекетін әдістемелік қамтамасыз ету туралы атқарылған жұмыстар баяндалды. Сонымен қатар ”Жаз – 2023” балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс сауықтыруын және жұмысқа тартылуын ұйымдастыру туралы мәселелер қаралды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторы М.Мурзагалиеваның, білім бөлімінің білім беруді дамыту секторының меңгерушісі Ж.Алданованың, Ақай ауылдық округінің №279 мектебінің психологы П.Жугинисованың баяндамалары тыңдалды. Отырыс барысында жасөспірімдердің сабақ үлгерімі, тәртібі, жазғы лагерь, демалыс уақытындағы жұмысқа тартылу шаралары талқыланды.

Тағы да оқыңыз: