Kyzylorda-news.kz. Төретам кенті Қармақшы ауданы орталығынан 82 шақырым қашықтықта орналасқан. 118 жылдық тарихы бар мекен алғаш темір жол салынған соң Төретам стансасы болып құрылады. 1929 жылдары тұрғын үй құрылысы салына бастайды. Бертін келе ел тәуелсіздік алғалы Төретам да өзге өңір секілді өсіп-өркендеді. Тұрғындар саны артып, кент заман ағымына сай сәулеттене бастады. Түрлі бағытта шағын және орта кәсіпкерлік нысандар ашылып, қаланың тыныс-тіршілігіне сүбелі үлесін қосты.
Бүгінде кенттің жер көлемі 322,6 гектарды құрайды, нақты алып жатқан жері – 472 гектар. Халқының саны – 12233 адамға жетеді. Оның ішінде ерлері – 6246, әйелдері – 5987 адам. Халықтың ұлттық құрамына қазақ – 12050, орыс – 64, өзге ұлттар – 119. Кентте 850 зейнеткер, көпбалалы батыр аналар – 221, тыл ардагерлері – 26, ауған соғыс ардагерлері – 43, Ауған тәжік соғыс ардагерлері – 19, Чернобыль полигонынан зардап шеккендер – 1, жалғыз басты қарт кісілер – 1, тұрмыс төмен отбасылар саны – 37, 63 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Үйде оқытылатын мүгедек саны – 18, мүгедектер саны – 254.
2023 жылы 4-ші деңгейлі бюджет қаражатына салық түсімдері – 56101,0 мың теңгені құрады. Оның орындалғаны алты айға 32760,3 мың теңге. Ал кент бюджеті – 56101,9 мың теңге. Мүлiкке салынатын салықтар жоспарланғаны – 916,0 мың теңге; орындалғаны 640,4 мың теңге. Жер салығы жоспарланғаны – 1100,0 мың теңге; орындалғаны 719,7 мың теңге, көлiк құралдарына салынатын салық жоспарланғаны – 25735,0 мың теңге, орындалғаны 22762,5 мың теңге, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем – 55,0 мың теңге, орандалғаны 584 теңге, жарнамадан түсетін түсімдер – 800,0 мың теңге, орындалғаны 544,0 мың теңге, коммуналдық меншікті жалға беруден түсетін түсімдер – 605,0 мың теңге, орындалғаны 246 теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1500,0 мың теңге, орындалғаны 2840,2 теңге, жеке табыс салығы жоспарланғаны – 28000,0 мың теңге, орындалғаны – 5065,6 теңгені құрап отыр.
Мұнда кәсіпкер боламын деушілер қатары артқан. Жалпы кент бойынша тіркелген субъектілер саны – 1132, жұмыс жасап тұрғандары – 1083. Шаруа қожалықтар – 4. жауапкершілік шектеулі серіктестіктер саны – 79. Кент бойынша 182 бірлік оның ішінде 103 дүкен, 4 наубайхана, 10 кондитер цехы, 3 тойхана, 2 кафе, 6 қоғамдық тамақтану орны, 4 тіс емханасы, 18 шаштараз, 6 көлікке қызмет көрсету, 3 көлік жуу, 8 шағын тігін цехы, 1 ағаш шеберханасы, 3 шағын жиһаз цехы, 1 монша,1 Казпочта, 2 нотариус, 1 балалар ойын сауық орталығы, 1 сауықтыру орталығы, 1 АЗС, 4 газ құю бекеті жұмыс істейді.
Төретам кенті 2023 жылға «Бастау бизнесі» кәсіпкерлік негіздері курсын оқуға ниет білдірген азаматтар саны – 59. Оның нәтижесінде 5 адам грант иесі атанды. «Қызылорда» Өңірлік инвестициясынан 1 азаматтың жобасы қаржыландырылды. Қаржы құны – 3 000 000 тг. Ал аграрлық несие корпарациясынан 3 азамат қаржыландырылды. Атап айтар болсақ, Азамат Карамурзаевтың мүйізді ірі қара мал басын көбейту бойынша – 5 000 000 теңге, Жанар Байсалбаеваның мүйізді ірі қара мал басын көбейту бойынша – 3 150 000 теңге, Айгүл Абдрахманованың компьютерлік қызмет көрсету орталығы бойынша 6 000 000 теңге бөлінді.
Кенттегі мал басы түгел бірдейлендірілген. Есепті мерзім ішінде мал жоғалу, ұрлау фактілері орын алған жоқ. Жалпы кент бойынша барлығы 1669 бас мүйізді ірі қара, 1013 бас жылқы, 273 бас түйе, 3424 бас қой мен ешкі, 783 құс бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің мерзімдерін сақтау бойынша ақпарат ауданға ай сайын уақытылы жолданып отырады. Жыл басынан бері 16 жер учаскесін алуға кезекке қою мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді.2023 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауын Төретам кентінде ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Төретам кентінде 3 мектеп орналасқан 464 орындық №80 – мектеп-гимназия, 640 орындық №85, 600 орындық 269 орта мектеп. Мектептер қазіргі таңда, типтік жобада және талапқа сай жұмыс жасауда.
Үш мектепте 1734 бала білім алуда, 265 мұғалім, 125 жұмысшы жұмыс жасайды. 2022-2023 жылы 51 оқушы мектеп бітіріп, оның 48 оқушысы ҰБТ қатысты. Сондай-ақ мұнда 4 балабақша (2 мемлекеттік және 2 жеке) жұмыс істейді. 2-6 жастағы бала саны – 455. Қамтылуы 100%.Кентті көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жыл көлемінде тұрақты жүргізіп келеді. Жеке кәсіпкер Р.Алибеков мен Төретам кенті әкімі аппараты арасында мемлекетік сатып алу шарты жыл көлемінде жасалып жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу заңдарына сәйкес жыл көлеміне кент аумағындағы иесіз қоқыстарды алуға сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге шығарылған иесіз күл-қоқыстар көлемі – 1240 м куб күл-қоқыс 4152,2 мың теңгеге шығарылды. Бұдан бөлек кенттегі жеке кәсіпкерлік нысан алдына және көпқабатты үйлердің алдына күл-қоқыс тастамау жөніндегі ескерту хабарламалары таратылды. Жыл көлемінде кент аумағындағы иесіз қалдықтарды жинауға 22 ақылы қоғамдық жұмысшылар арқылы тазаланып келеді. Кент көшелерінің санитарлық тазалығын сақтау мақсатында кенттіміздің тұрғындары және барлық мекемелер, жеке кәсіпкерлер, ақылы қоғамдық жұмысшылар ұйымдастырылып сенбілік жұмыстары жүргізілуде. Кент көшелерін күтіп ұстауға 1323,0 мың теңге қаржы қаралып, ауа райының қолайсыз жағдайларында кент көшелері бойында жиналған жаңбыр суларын тарту және қар жауған уақыттарда тұз, құм себу жұмыстары жүргізілді. Кенттегі көшелерге жарық шамдарға қызмет көрсету үшін ЖК «Нұрбол» мен 2389,0 мың теңгеге 2023 жылдың 23 қаңтарында №3 мемлекеттік сатып алу келісім шартына отырылып, жұмыстар жасалып жатыр.
16.06.2023 жылғы №39 мелекеттік сатып алу шартына жеке кәсіпкер Қалиев пен жалпы суммасы 3055,2 мың теңгеге келісім шартқа отырылып, кенттегі көше бойына орналасқан бейнебақылау камераларына қосымша заттар алынып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды.Аудандық бюджеттен 1576,7 мың теңге қаржы бөлініп, Мұсабаев көшесіне жарық шамдар орнатылды. Жеке кәсіпкер Ақназаров пен 900,0 мың теңгеге келісім шартқа отырылып кент көшелеріне 543 метр куб баннерлер орнатылды.
Төретам кентінде жалпы ұзындығы 33,5 шақырым болатын 33 көше бар. Оның ішінде: 30 көше асфальтталған, 3 көше топырақты. Кентте әлеуметтік нысандар қалыпты жағдайда жоспарға сай жұмыс жасауда.
Клуб үйінде 2022 жылдың 12 айында барлығы 101 мәдени шара, оның 56 іс-шарасы онлайн, 45 – офлайн форматында өткізілген. Клуб үйінде 5 үйірме тұрақты түрде жұмыс жасайды. Оған 61 бала қамтылған.
2023 жылдың I тоқсанында барлығы – 23 мәдени шара өткізілді. Онлайн – 7, офлайн – 16.
