Kyzylorda-news.kz. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіндегі газдандыру жұмыстарымен танысты.
Фракция мүшесі М.Жайымбетов газдандыру жұмыстарымен танысу барысында Төретам кенті мен Ақай ауылы ақсақалдарының ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Сонымен бірге, мердігер мекемелерінің жұмыстарын қатаң бақылауға алуға тапсырылды.
Төретам кентіндегі газ құбырының жалпы ұзындығы – 97,179 км. Бүгінгі күнге 72,9 (75,0%) км. газ құбыры тартылды.
Ақай ауылдық округіндегі газдандыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 95% пайызға аяқталды.
