Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда ұлтымыздың салт -дәстүрі, бай мәдениеті ауылда ғана қаймағы бұзылмай сақталған. Ауылдағы қонақжайлылық пен үлкенге құрмет көрсетудің шынайы мысалы былайғы жұртқа үлгі, өнеге.

“Ауыл” партиясының бірінші орынбасары Төлеутай Сатайұлы ауылдарды дамытудың жарқын жолын айтты.

“Ауылға турист тартудың бір жолы- ұлттық салт- дәстүрлерімізді жаңғырту. Шетелдік туристер бетоннан құйылып, шынымен қапталған ғимараттарға қызықпайды, олар одан шаршаған.Оларға біздің бай мәдениетіміз тартымды. Сондықтан да ауылдарымыз көркейсін десек, агротуризмді дамыту арқылы агротуризмді насихаттайық. Бүл партияның бағдарламасында қарастырылған маңызды тақырыптың бірі”,- деді ол.

Тағы да оқыңыз: