Мәслихаттар депутаттарының сайлау күні дауыс беруші азаматтар үшін бірнеше платформалар іске қосылған. Соның бірі – тізімде мүлдем жоқ азаматтарды уақытша тіркеу.
Қызылорда қаласында 5 арнайы учаске жабдықталған. Мұнда Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жұмыс жасауда. Яғни дауыс берушілер тізімінде жоқ азаматтарды уақытша тіркеп, оларға дауыс беруге жағдай жасап отыр.
Біздің учаскеде онлайн сервис арқылы азаматтар уақытша тіркеліп, дауыс берді. Жеке куәлігін көрсету арқылы мүлдем тіркеуде болмаған азаматтар онлайн сервис көмегімен уақытша тіркелуде,-деді №266 учаскелік комиссия төрағасы.
Айта кетейік, өңірде 9 аумақтық, 136 округтік, 386 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Аймақта 193 онлайн сервистері бар учаскелер бар.
