Kyzylorda-news.kz Құрылтай сайлауы күні дауыс беруші азаматтар үшін бірнеше платформалар іске қосылған. Соның бірі – тізімде мүлдем жоқ азаматтарды уақытша тіркеу. 

Қызылорда қаласында 5 арнайы учаске жабдықталған. Мұнда Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жұмыс жасауда. Яғни дауыс берушілер тізімінде жоқ азаматтарды уақытша тіркеп, оларға дауыс беруге жағдай жасап отыр.

– Біздің №264 сайлау учаскесінде онлайн сервис арқылы  азаматтар уақытша тіркеліп, олар дауыс берді. Әрине, жеке куәлігін көрсету арқылы мүлдем тіркеуде болмаған азаматтар онлайн сервис көмегімен уақытша тіркелуде, – деді комиссия төрағасы.

Тағы да оқыңыз: