Kyzylorda-news.kz. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын, миссионерлiк қызметтi тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімді таратуы аталған заңмен белгіленген талаптар бұзылған жағдайда:
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 490-бабының 3 бөлігімен келесідей айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады:
ҚР АЗАМАТТАРЫНА– 100 АЕК (345 000 тг) ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ ТҰЛҒАЛАРҒА – 100 АЕК (345 000 тг)
