Kyzylorda-news.kz.  Суға түсу маусымы басталысымен төтеншеліктердің де жұмысы қыза түседі. Аптап ыстықтан қашып немесе демалу үшін суға түсетін азаматтар саны артқан сайын, құтқарушылар да тынымсыз жұмыс істейді. Өйткені жағажайларда суға шомылушылар арасында суға кетіп, абайсызда ажал құшқатындар баршылық. Қазіргі уақытта өірде қандай жұмыстар жасалып жатыр, жағажайлар жайы қалай? Осы ретте  Қызылорда облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы РММ басшысы Б. Ембергенов пен сұқбаттасқан болатынбыз.

Аймағымызда күн жылынғаннан бастап суға түсу маусымы басталады. Сіздердің ескерту жұмыстарыңыз да басталып кеткен болар. Биыл ақпараттық-насихаттық жұмыстар қалай жүріп жатыр?

Құтқарушылар жыл 12 ай үгіттеу түсіндірме жұмысын үздіксіз жүргізеді. Олай дейтініміз, қыс мезгілінде мұз үстінде балық аулаушылар,көлікпен мұз үстімен кесіп өтушілер, мұз бетімен сырғанауды қызқтайтын адамдар өте көп. Ал күн жыли басталысымен суға түсу маусымын күтпей жабайы жағажайларға жиылып суға түсетіндерде аз емес. Біз қала аумағындағы барлық 53 мектепті аралап, үгіттеу-насихаттау жұмыстарын жүргіземіз. Сондай-ақ барлық ауыл аудандармен онлаин интерактивті сабақтар, зум бағдарламасы арқылы ата-аналар, ұстаздардың қатысуымен жиналыстарын өткізіп тұрамыз. Аптап ыстық басталысымен облыс аумағындағы барлық жағажайларға рейд жұмыстарын үздіксіз жүргіземіз. Өткен жылы Облыстың 115 740 оқушысына «Судағы қауіпсіздік ережелері», «Суда зардап шегушілерді құтқару, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері» тақырыптары бойынша 212 интерактивтік сабақ және 208 мектептің басшылары мен мұғалімдеріне судағы қауіпсіздік ережелері  жөнінде сабақтар өткізілді. Биылда дәл осы жұмыстар жалғасын табуда. Қаланың барлық мектептерінде түсіндірме жұмыстары жасалып, ата-аналармен арнайы қосымшылар арқылы байланысқа шығып жатырмыз. Сондай-ақ, адам көп шоғыырланған қоғамдық орындар мен қала орталығындағы ірі сауда орындарына барып үгіт-насихаттары жүргізілуде.

Жағажайларды жарақтандыру, құтқару бекеттерін қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Облыс аумағындағы суға түсуге арналған  ресми рұқсат етілген жағажайлардың барлығы жеке меншік кәсіп иелерінікі. Сондықтан кәсіп иелері еңбек биржасы арқылы азаматтарды жұмысқа қабылдайды. Қабылданған азаматтарға жұмыс беруші яғни кәсіп иелерінің өтініш хатына сәйкес Қызылорда облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» РММ-нің Құтқару бөлімшесінен қызметкерлерді бөлеміз. Содан кейін ғана судан құтқару техникаларының барлық әдіс тәсілдер мен қауіпсіздік қағидаларын қалай жүргізу керек сынды кәсіби машықтандыратын боламыз.  Ол азаматтарға оқу аяқталған соң арнайы сертификаттар табысталады. Біз үйреткен құтқарушылар әрі қарай   жағажайдардағы демалушыларға жүзуді үйретуге, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті. Ал қалған жауапкершілік, қажетті жабдықтармен толықтыру,  Су айдындарында жүзу шекарасын белгілеу ол кәсіп иесіне қатысты сауал.  Сонымен бірге бұндай кәсіп иелеріне бақылауды кәсіпкерлік және туризм басқармасы алады.

Облысымызда қанша су айдындары бар? Олардың барлығында суға шомылуға рұқсат бар ма? Олардың қауіптілігі жөнінде не айтасыз?

Облыс су айдындарында 63 суға шомылуға қауіпті учаске белгіленген, бұл учаскілерде 310 ескерту тақтайшасы мен 68 билборд орнатылған. Қазір Сырдария деңгейінің күрт төмендеп кетуі   халық арасында қарық сияқты суда ненің қауіпі-деп біздің ескертуімізге құлақ аспай қайта келіп суға түсіп жататын оқиғалар өте көп кездеседі.  Ия деңгей төмен болғанымен дарияның суы өте лай, және ағысы қатты. Тіпті кей жерлерде ұйық, енді бір жерде ойық жерлер бар. Ал су асты лайлы батпақ. Аяғыңыз кіріп кетуі мүмкін.  Сондықтан сақтансаң сақтайды! Деген ескертуді тағы айтқым келіп отыр.

Ал, Қызылорда облысы аумағында рұқсат етілген 4 жағажай бар. 2023 жылғы 13 қаңтарда №7 қаулысына сәйкес 4 коммуналдық жағажай (Шиелі ауданында «Ақ орда», Сырдария ауданында «Қалғандария», Қармақшы ауданында «Мұратбаев» және Қазалы ауданында «Қашқан су») белгіленді. Су тіршілік көзі, дегенмен тілсіз жау екенін де ұмытпаған абзалырақ!

−        Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шараларын тұрғындарға, жағажайларда демалушыларға ақпараттандыру мақсатында қандай жұмыстарды жоспарлап отырсыздар?

Жоғарыда атап өткендей, біз күн жыли басталысымен үздіксіз сағат 14:00-18:00 аралығында суға түсуге қауіпті аймақтарға рейдтік және үгіттеу түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Ал суға түсу маусымы басталысымен күшейтілген кезекшілікпен рейдке шығамыз.

Осы орайда ата-ана қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған балаларға бірінші мәрте ескерту, қайталанған жағдайда ата-анасына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы Кодексінің 364-бабы (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) сәйкес айыппұл салынады.

Әсіресе, жағажайға балаларымен барған жандарға қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды. Осы ретте, балалы демалушыларға нені ескеру керек?

Сақтықта қорлық жоқ деген. Әрбір суға шомылушы суға түсер алдында барынша сақ болуы керек. Жүзе білмеген жағдайда белден жоғары тереңдікке бармағаны абзал. Аяқ-қолыңыз тартылған жағдайда сасқалақтамау керек, су бетінде қалуға және көмекке шақырған жөн. Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін ішуге және мас күйінде шомылуға тыйым салынады. Оған қоса жастар суға түсу барысында бір-бірімен ойнап, суға лақытру секілді дүниелер өкінішті жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан барынша сақтық шарасын жасап, тәртіпті сақтаған дұрыс.

−Кәмелетке толмаған балалардың суға кету деректері жиі тіркеліп жатады. Осыған тоқталып өтсеңіз...

Жыл басынан бері облыс су айдындарында 4 адам қаза тапты (1 ересек, 3 бала). (2023 жылы облыстың су айдындарында 34 адам қаза тапты (оның 8-і кәмелетке толмағандар)).

Су айдындарында адамдардың апатқа ұшырау себебін талдасақ, суға батқандардың жартысы ережені бұзған азаматтардан құралса, үштен бірі мас күйінде, ал қалғандары – үлкендердің қарауынсыз қалған балалар екенін көреміз.

−Жалпы арнайы мамандардың нұсқаулығын, қауіпсіздік ережелерін бұзушыларға қандай әкімшілік шаралар қарастырылған?

Мәселен күні кеше Сырдария өзенінің сол жақ жағалау бетінде 4 кәмелетке толмаған Орда СКУЛ мектебінің 3 сынып оқушылары суға шомылып жатқаны анықталды. Бұған дейінде дәл осы оқушыларға бірнеше мәрте құтқарушылар ескерту жасаған болатын. Ескертуге құлақ аспаған 4 оқушыны учаскелік полицияға тапсырдық. Олар кәметке толмағандардың ісі жөнінде инспекцияға жолдап, ата-аналарының үстінен шара көрілді. Ал жалпы өткен жылғы есепті кезеңде Қызылорда облысының Полиция департаменті, «Қызыл ай» қоғамы, «Волонтеры Кызылорда» қоғамдық бірлестігі және жергілікті атқарушы органмен бірлесіп суға шомылу маусымы кезеңінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364-бабы (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша 115 адамға ескерту шарасы көрілді. Осы Кодекстің 412-бабы бойынша – 1 адамға (17250 теңге) айыппұл салынды және жоғарыда аталған кодекстің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша – 2625 азаматқа әкімшілік шара көрілді.

Балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, облыс көлемінде профилактикалық жұмыс барысында ҚР ӘҚБ 383-бабы бойынша199 дерек тіркеліп,  2 млн 115 мың 100 теңге айыппұл салынды.

Алдағы суға шомылу маусымында ескерілуі тиіс дүниелермен

біздің көрермендерімізді таныстырып өтсеңіз...

− Суға шомылу кезіндегі ережелер: 

- Тек қана суға шомылу үшін бөлінген жағажайлар мен орындарды пайдаланыңыздар.

- Қоршау белгілерінен әрі бармаңыздар, тыйым салынған орындарда суға шомылмаңыздар, моторлы қайықтарға жақын жүзіп бармаңыздар - бұл өміріңізге қауіпті.

- Ата-аналар және балалар мекемелерінің жетекшілері! Балалардың қадағалаусыз шомылуына жол бермеңіздер!

- Мас күйде суға шомылуға тыйым салынады.

−Әңгімеңізге рақмет.

 

Тағы да оқыңыз: