Kyzylorda-news.kz  Қазақстанда маусым айының әр үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлерінің күні. Бұл күні елімізде денсаулық сақтау саласы мамандары ерекше сый-құрметке бөленеді. Бұл мереке – медицина қызметкерлері үшін ғана емес, бүкіл халқымыз үшін де ерекше мейрам. Дәрігерлердің еңбегі ерен екенін әсіресе пандемия кезінде айрықша сезіндік. Уақытпен санаспай, науқастың жанын сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, жанын сала еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандар қандай құрметке болса да лайық.

Осы орайда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалы да мерейлі мерекесінде медицина мамандары мен Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлерін қабылдады. Жиынға халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының төрағасы Гүлжауһар Раева, алқа мүшелері Шегебай Құндақбаев, Әбдірахман Құлдүйсеновтер қатысып, сала мамандарына ізгі лебізін білдірді.

Тіл жанашырларына мерекеге орай облыстық, аудандық алғыс хат ұсынылып, сыйлық табысталды. Ізгі тілектер легін аудандық аурухана бас дәрігерінің БМСК жөніндегі орынбасары Айдас Жаналиев пен Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесіндегі «Қазақ тілі» қоғамының бастауыш ұйымының төрайымы Ажаркүл Нұрғалиевалар жалғап, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. 

 

Тағы да оқыңыз: