Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында Тик-токқа жүктелген бейнежазбадағы заң бұзушылықтарды байқаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік иесі әлеуметтік желідегі көрсетілімді көбейтіп, танымалдығын арттыру мақсатында түрлі қитұрқылықтар жасап, жол жүру ережелерін бұзған. Сонымен қатар, көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарғандығы анықталды.
Құқық бұзушы LEXUS IS-F маркалы автокөлігінің жүргізушісіне әкімшілік хаттамалар толтырылып, барлығы 147 680 теңге көлемінде айыппұл салынды. Көлік айып тұрағына қойылды.
Құрметті жүргізушілер! Жамбыл облысы Полиция департаменті жолда мұқият болуға, ережелерді қатаң сақтауға шақырады. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтарды «102» арнасына хабарлауды немесе @zhambyl_police парақшасына жолдауға болатынын жеткізеді. Барлық хабарламалар бойынша дер кезінде қажетті шаралар қабылданады, - делінген ақпаратта.
Фото: el.kz