Kyzylorda-news.kz Әлемжелінің белсендісі Сасақ есімімен танымал блогер Qazaq Grammar ютуб арнасында ЛГБТК+ комьюнитиін қолдайтынын және қазақ халқын діни тұрғыдан надан деген көзқараста пікір айтты деп хабарлайды Kyzylorda news.kz ақпарат агенттігі Deppa подкастқа сілтеме жасап.
“Мен қазақи отбасында өстім. Қанша Ислам дінін қабылдағым келсе де, тұла бойым дінді қабылдағысы келмейді. Бұл арабтардың діні екеніне көзім жетті. Қазақтар діни тұрғыдан надан. Мәселен, бір қазаққа барып, арабша анайы сөз жазып берсеңіз, мынау қасиетті сөз ғой. “Машалла!” деп жүре береді. Кезінде Мәшһүр Жүсіп Көпеев осылай жасаған. Халық одан тұмарына сүре жазып беруін сұрағанда анайы сөзді жазып берген екен. Мен арабтандыруға қарсымын” деп өз пікірін білдірді.
Deppa подкасттың жүргізушісі бұл ақпараттың қайдан алғанын сұрағанда “профессордан естідім” деп Сасақ блогер қысқа тоқталды.
Айта кету керек, бұл контентті Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің USAID қолдауымен түсірген екен.
Фото: видеодан скриншот