Kyzylorda-news.kz Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда туризмді дамыту мәселесі талқыланды. Бұл жиындағы бағыттар бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов тиісті сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді. 

Соңғы жылдары туризм - тек ішкі сұранысты қамтып қана қоймай, шетелдіктер үшін де тартымды салаға айналып келеді. Бұл мүмкіндікті тиімді пайдалану мақсатында инфрақұрылымды жақсарту, қызмет сапасын арттыру мен жаңа бағыттарды дамыту қажет.

- Туризмді дамытудағы өзекті мәселенің бірі - сервистік қызмет сапасы. Сондықтан барлық қонақ үйлер, тамақтану және қоғамдық орындар, Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық автомобиль дәлізінің бойындағы кешендер талаптарға сай болуы тиіс. Ол үшін күнделікті бақылау жүргізіп, кәсіпкерлерге түсіндірме жасауды тапсырамын,-деді Нұржан Сәбитұлы.  

Бүгінде шаһарымызда туристік бағытта өзге өңірлердің қызығушылығын арттыру мақсатында халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, туристерге жергілікті өнімдердің ассортиментін ұсыну, тарихи орындарға турлар жасау бойынша міндеттер қабылдануда. Сондай-ақ, интернет кеңістігінде қаланың көрікті жерлерінің жаңартылған фотосуреттері енгізілуде. 

Тағы да оқыңыз: