Kyzylorda-news.kz. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық туралы халықты хабардар ете отырып, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов биылғы ҰБТ-ның жаңалықтарына кеңінен тоқталды.

Спикердің айтуынша, тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды пайдалануға қарсы шараларды күшейту маңызды. Шпаргалка, мобильді байланыс құралдары, роутерлер, құлаққаптар және басқа да гарнитура түрінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда тестіленуші емтиханға жіберілмейді. Сонымен қатар, аудиториялардағы әрбір үстелде ҰБТ ұйымдастырушыларының орнататын калькуляторларды қолдануға рұқсат етіледі.
Д.Смағұлов атап өткендей, ата-аналар мен тестіленушілердің тілектерін ескере отырып, тестілеу уақыты 10 минутқа ұзартылып жалпы 4 сағат уақытты құрайтын болады.

Карантинді шараларды сақтау және коронавирустық инфекцияны жаппай жұқтыруды болдырмау мақсатында тестіленушілердің ата-аналары мен туыстары үшін ҰБТ өткізуді онлайн-қарау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. БҒМ өкілінің ақпараты бойынша трансляцияға сілтеме ҰБТ өтетін күнге жақын жарияланады.

ҰБТ өткізу ережелерін бұзу (есептен шығару, шпаргалкаларды пайдалану және т. б.) анықталған жағдайда, білім грантын беру бойынша конкурс нәтижелерін жоюуы мүмкін. Бұл ретте, әрбір тілек білдіруші ҰБТ барысын бақылай алады және бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу Digital agent қосымшасы арқылы ұлттық тестілеу орталығына хабарласа алады.

Ұлттық тестілеу орталығы директорының айтуынша, бақылау тек тестіленушілерге ғана емес, бақылаушыларға да қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта ҰБТ өткізу кезінде бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті өкілдермен үш жақты шарттар жасалды. Бұдан басқа, ашықтық пен объективтілікті бақылау үшін жұртшылық пен арнайы мониторинг тобы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тартылатын болады.
Мемлекеттік білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқыту тіліне қарамастан берілетін болады. Қазақ және орыс тілдері арасында гранттар бөлінбейді.

Тестіленушілерге ыңғайлы болу үшін SAT, АСТ және IB халықаралық стандартталған тестілерінің балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы енгізілді (көрсетілген сертификаттарға ие тұлғалар ҰБТ тапсырудан босатылады және грант беру конкурсына қатыса алады). Толығырақ ақпарат жақын арада ҚР БҒМ-нің ресми аккаунттарына орналастырылатын болады.

Тағы да оқыңыз: