Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы облыстық комиссияның кезекті отырысы өтіп,  оған құқық қорғау органдары мен жауапты сала басшылары қатысты.

Комиссия отырысында облыстық дін істері басқармасының басшысы Мира Қазбекова Қызылорда, Байқоңыр қалаларында және Қазалы, Арал аудандарында  жүргізілген  кешенді профилактикалық шаралар туралы   баяндады.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж. Айекешов діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда 2024-2026 жылдарға арналған жол картасының орындалуы туралы хабарлама жасады.

​​Қорытындысында  сала басшыларына талқыланған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Тағы да оқыңыз: