Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде 2025 жылға арналған аудандық терроризмге қарсы комиссияның міндеттері мен облыстық терроризмге қарсы комиссияның хаттамалық шешімдерін іске асыру туралы, Шіркейлі ауылында ұлттық және саяси экстремизмнің алдын алу мен жолын кесу бағытындағы қабылданған шаралар туралы және Тәуекел топтарға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде теологтар мен ақпараттық - түсіндірме тобының рөлі мен орны туралы мәселелер қаралды.

Аудан басшысы Берік Әбдіғаппарұлы баяндамашылардың ақпараттарын тыңдап, қауіпсіздік деңгейін арттыру, түсіндіру жұмыстары мен алдын алу шараларын күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: