Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ерлан Төрәлиевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысында ауданда діни экстремизм мен терроризм профилактикасының тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылған әлеуметтік жоба туралы, Ақсу елді мекенде діни экстремизм мен терроризмге қарсы жүргізілген профилактикалық шаралардың орындалуы мен қабылданған шаралардың тиімділігі жөнінде мәселелер қаралды.
Аудан әкімі күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша деструктивті діни ағымы идеологиясы таралуының алдын алу және оған жол берм бағытында жұмыстарды күшейтуді, елді-мекендер бойынша қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын бақылауда ұстауды, тұрғындар арасында интернет кеңістігіндегі заңсыз діни материалдар мен құқыққа қайшы әрекеттерді анықтауды, сондай-ақ тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, рейд іс-шараларын күнделікті ұйымдастыруды, осал объектілердің материалдық-техникалық базасын нығайтуды және басқа да мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
