Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Полиция департаменті терроризм туралы жалған хабарлама үшін көрілетін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді.
Терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлау аса ауыр қылмыс қатарына жатады. Қазіргі таңдағы қауіпсіздік жүйесі мен жаңа технологиялар бойынша жалған хабарды жеткізген адамның тұрғылықты жерін және жеке тұлғасын анықтау қиындық тудырмайды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабында дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлау 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге әкеледі. Не болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыруға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған мемлекеттік органдардың материалдық залалын өтеуі мүмкін.
Ескерте кететін жайт, балалардың терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар жеткізген жағдайда ата-аналары жауапкершілікке тартылады.