Kyzylorda-news.kz Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін кент және ауылдық округтердің негізгі көшелеріне бейне бақылау камераларын орнату маңызды. Бүгінде түрлі қауіптің алдын алу үшін кенттің орталық көшелеріне бейне бақылау камералыр іске қосылған.

Бейне камераларды көпшілік қоғамдық орындарға, яғни сауда нысандарына орналастыру қажеттігі туындап отыр. Бұл төтеннен келетін қауіптің және құқық бұзушылық салдарын анықтауға мүмкіндік беретін бірден бір құрал.

Осы орайда Сырдария аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің әдіскері Әділет Қуанышбеков бастаған топ бірқатар нысандарды аралап, бейне бақылау камераларын орнату туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Топ құрамында полиция бөлімінің криминалды жедел уәкілі полиция капитаны Д.Алиев Дулат, Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Ә.Мұхтар бірлесіп, Тереңөзек кентінде орналасқан сауда және қоғамдық тамақтану объектілер аралады.

– Бүгін кенттегі көпшілік көп келетін сауда орындары мен тамақтану нысандарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Алдымен «Серікбол» сауда орталығында болып, бейне бақылау камераларының тиімділігі туралы түсіндірдік. Сонымен қатар «Престиж», «Комуналдық базар», «Айша» асханасында болып, иелеріне террористік тұрғыдан осал объекті болып саналатынын және міндетті түрде бейне бақылау камераларын орнату жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Негізінен сауда орталықтарында бұрыннан бар бейне бақылау камереларының сапасына назар аударып, олардың санын арттыру қажеттігі айтылды, – дейді аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің әдіскері Әділет Қуанышбеков.

Тағы да оқыңыз: