Kyzylorda-news.kz. Деструктивті діни ағымды ұстанушы Байқоңыр қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде діни алауыздықты қоздыруға бағытталған уағыздар таратқан. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оның кінәсі толығымен дәлелденді», – делінген хабарламада.

Байқоңыр қалалық сотының үкімімен оған 3 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Тағы да оқыңыз: