**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/)** **Деструктивті діни ағымды ұстанушы Байқоңыр қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде діни алауыздықты қоздыруға бағытталған уағыздар таратқан. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.** > _«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оның кінәсі толығымен дәлелденді», – делінген хабарламада._ Байқоңыр қалалық сотының үкімімен оған 3 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.