ЗК- 169/1 тергеу изоляторында 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мекеме басшылығы қамауда отқан әйелдерге көңіл бөліп, мерекелерімен  құттықтады.

 Кезінде бірі – отбасының анасы, бірі – ақылшы апасы болған нәзік жандар қылмыстарына өкінеді. Аңдамай шалыс басып, қылмыскер болса да заты әйел мерекеде құрмет күтеді.

«Бүгін  әкімшілік тарапынан жазасын өтеп жатқан әйелдерді мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетілді. Біз олардың үнемі жанын түсініп, бостандыққа шыққанша үмітін сөндіріп алмауға тырысамыз. Жазасын өтеп шыққаннан кейін де олар қоғаммен байланысып, өмірге бейімделіп кету керек. Көктем мерекесінде барлық әйел заты мейірім мен құрмет күтеді. Қалай десек те мереке барлық әйел затына ортақ» – деді мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры А.Битаев.

Жүрегі жаралы, жаны жабырқау жандар ертерек жазасын өтеп шығып, отбасыларымен қауышқылары келеді. Ұрпақ тәрбиелеп, адал еңбек етуді армандайды.

«Үйде болғанда балаларым да мерекемен құттықтар еді. Тағдырым солай болған шығар. Бірақ осыған да шүкір. Мекеме басшылығының бізді ескеріп, елеп отырғаны үшін алғысымызды білдіреміз» – деді шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеуші әйел.

Тағы да оқыңыз: