Kyzylorda-news.kz. Ел заңына бағынбай, құқық бұзып, қылмыскер атанғандарды қамауда ұстап отыратын республикамыздағы  мекемелердің бірі ЗК-169/1 тергеу изоляторы. Мұндағы  тергеудегілер мен сотталғандар тарапынан кез келген уақытта, оқыс оқиғалар туындауы   мүмкін.

Міне   осындай, «тентектер»  бас көтеріп, бүлік шыққанда, жаппай тәртіпсіздікті күшейтпей  жолын кесу бойынша жеке құрамның дайындығын тексеру мақсатында РжКБ- нің ұйымдастыруымен арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. 

Жаттығу барысында,  қатысушылар алдымен  арнайы құралдармен жасақталып,  дабыл  белгісі беріліп, жеке құрам дер кезінде жиналды.

Бөлім бастығы әділет майоры М.Смағулов ҚАЖ департаментінің жаттығу өткізу туралы нұсқаулығымен таныстырып, жаттығу кезеңдеріндегі іс-әрекеттердің  өтілу ретін  айтып түсіндірді.

Содан соң, арнай бөлінген топтар бойынша, тәртіпсіздік пен дүмпу орын алған қапастарды барлау және бақылау бағдары бойынша  жеке құрамның әрекет етуі,  тиісті іс-шараларды атқару мен дұрыс шешім қабылдай алу жағдайы пысықталды.  

«Тергеу изоляторының жеке құрамы қызметтік, жауынгерлік және кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді.  Жаттығу аяқталғаннан кейін қорытындылар шығарылып, ұсыныстар әзірленеді», – деп атап өтті әділет майоры,  мекеме бастығының орынбасары Қ.Олжабаев

Бұндай оқу-жаттығуларының «жаппай тәртіпсіздік» орын алған жағдайдағы   жеке құрамның қызметтік міндеттерін сапалы орындауына, оң ықпалын тигізетіні анық.

«Менің бұл тергеу изоляторына жұмысқа орналасқаныма  6 ай ғана болды. Жоғарғы оқу орнында алған білімімді осындай жаттығу жұмыстары арқылы бекітіп, пысықтадым. Мен үшін бүгінгі өткізілген бұл іс-шараның берері  көп болды», – деді қатардағы Н.Сафуан.

Тағы да оқыңыз: