Kyzylorda-news.kz. ЗК-169/1 тергеу изоляторының жеке құрамы 13 жас маманмен толықтырылды. Олар арнайы заң саласы бойынша диплом алған соң, ҚАЖ департаментінің бос лауазымдық орындарға конкурс жариялауы негізінде қабылданып, Қостанайдағы Ш. Қабылов атындағы академияда   үш айлық білімін жетілдіру курсында оқып келді.

Мекемеге алғаш келген күні  мекеме бастығы, әділет майоры  Қайырбек Ильясов жеке қабылдап, ҚАЖ қызметінің жауапкершілігін түсіндірді.

«Бүгін жас мамандардың кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру, ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу, өздерін ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау мақсатында тренинг өтілді. Бұдан бөлек олармен  танысу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Алдағы уақытта әрқайсысының отбасына барып,  жанұясындағы әлеуметтік ахуалын зерделейміз. Өйткені, отбасындағы жылы атмосфера олардың күнделікті қызметке түскендегі  көңіл- күйінің сергек болуына игі әсері бар. Сондай-ақ, қызметтегі қыйындықтар игеріп,жұмысқа машықтандыру мақсатында тәлімгерлер бекітілетін болады- дейді,аға инспектор М.Тұрымбетов.

Жалпы мекеменің жеке құрамының 80% пайызы отызға дейінгі жастардан құралады. Олардың дерлігі өз қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, антына адалдық танытып жүрген жастар. Бір құптарлығы  жастар жұмыстарының қауырттығына қарамастан, мекемеде өткізілетін қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, өздерін өр рухты, ұлтжанды азаматтар ретінде көрсетіп келеді. Олардың арасында спорт шеберлері, ән айтып, сурет салатын, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнайтын  жан-жақты өнерлі жастар да бар.Тағы бір ерекше атап өтетін жай,жеке құрам арасында біршамасы оқу орындарын қызыл дипломмен аяқтағандар. Тәуелсіздігіміздің орнығуы жолында құқық саласына өз үлестерін  қосып жүрген жеке құрам, осылайша білімді, білікті жас  мамандардан құралған.

Тағы да оқыңыз: