Kyzylorda-news.kz.  Сырдария ауданының орталығы саналатын Тереңөзек кентінде кәсіпкерлік саласында айтарлықтай өсім бар. Бизнеске арналған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде  кәсібін кеңейтуге жекелеген азаматтар мүдделі. Мәселен, ааудан орталығында бизнестің сан түрлісі жергілікті халыққа қызмет көрсетуде. Өткен жылы бизнестің жаңа бастаған және кәсібін кеңейткен азаматтар кешенді қолдау іс-шарасы жүргізілді. 

Айта кетейік, бірнеше жылдан бері сауда саттық саласымен айналысып келе жатқан жеке кәсіпкер Айна Смайлова тауар айналымын жақсарту мақсатында 3 миллион теңге қаражат алған. Тауар айналымын ұлғайты негізінде Ақгүл Обашқанова мен Мәдина Омарова қомақты қаражаталып, кәсібін кеңейтті. Өз кезегінде  кент орталығынан жаңа дүкен ашу үшін ауқымды құрылыс жүргізді. 

 Қазіргі уақытта нарықтағы бағаны реттеу – маңызды рөл ойнайды. Сауда-саттық саласында жүрген адам бизнесті түрлендірудің жолдарын жақсы біледі. Осыдан бірнеше жыл бұрын шағын дүкенімді ашып, кәсібімді бастағанда тұрғындардың әлеуемттік әлеуетін бағдарлайтын едік. Осы күні Тереңөзек кентінде сауда нүктелері жетерлік. Сондықтан бәсекеге қабілетті болуға міндеттіміз. Бүгінде 2 этажды дүкен жұмыс жасауда, – деді Ақгүл Обашқанова.

Тереңөзек кентінде сауда-саттықпен қатар, құрылыс материалдарын шығаратын  цех жұмыс жасайды. Жергілікті кәсіпкер М.Иманбеков 5 миллион теңге қаражат алып, «Пескоблок» өнімін шығаруда. 

– Жылдар бойы аталған кәсіп түрін бастауды ойлап жүрген болатынмын. Мемлекеттік қолдауымен ойлаған мақсатыма қол жеткіздім. Қомақты қаржаттың арқасында жергілікті тұрғындарды «Пескоблок» өнімімен қамтамасыз етудемін, – деді жеке кәсіпкер.

Жергілікті тұрғындар жағамдық жаңалық жеткізігіміз келеді. Осы уақытта мемлекетттік бағдарма бойынша жергілікті кәсіпкер жеке емхана ашылды. Мұнда науқастарды емдеу  іс-шарасы жүзеге асады. Қазіргі уақытта жеке емханалар ашу – заман талабы. Массаждан бастап, көптеген емдік іс-шаралармен көпшілік қамтылатын болады. 

Расында, Тереңөзек кентінде қоғамдық тамақтану орындары көптеп ашылуда. Мәселен, «Макing Тerenozek» фастфуд орталығы кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтті. Жеке кәсіпкер Мақсат Бекенов қазақы киіз үй үлгісіндегі тамақтану орны тұрғындарға қызмет көрсетуде. Қазақы киіз үйде аудан тұрғындары фастфуд өнімдері мен қатар, ыстық тамақтарды ала алады. Ал «Жігер» асханасының иесі Қайрат Қазиев мемлекеттің қолдауымен 4 миллион теңге қаржы алып, қоғамдық тамақтану орнын жандандыру үстінде. 

– Шын мәнінде, «Макing Тerenozek» фастфуд орталығын ашатын кезде отбасымызбен көп ойландық. 2 жыл бойы  жүйелі түрде жұмыс жасап келеміз. Қазіргі уақытта тез дайындалатын тағам түрлеріне сұраныс жоғары. Ең алдымен, біз өз тұтынушыларымыздың талап-тілегін тыңдай отырып, жұмыс жасайтын боламыз. Тазалыққа мән береміз. Сапа бар жерде жұмыс өнімді болады. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, кәсібімізді кеңейте бермекпіз, – деді жеке кәсіпкер Мақсат Бекенов.  

Қазіргі уақытта қыз-келіншектер сән салондарын ашуға әуес. Мемлеттік бағдарлама тетігімен грант алған жандар шағын сән-салондарын жүргізуде. Сонымен қатар мүйізді ірі қара санын көбейту бойынша азаматтар жеңілдетілген несие алуда. Жылқы бордақылау, уақ мал өсіру секілді кәсіп түрлері Тереңөзек жолға қойылған. Бұл ретте, айта кеткен жөн тәтті өнімдерін шығаратын кондитерлік орталық жергілікті халықтың сұранасын қанағаттандыруда. 

 Мен бірнеше жылдан бері торт пісірумен айналысамын. Осы күніне 20-30 тортқа дейін сатылымға шығарамыз. Жақында табанды еңбектің арқасында өзімнің жеке дүкенімді ашуға мүмкндік алдым. Туған күн кештерге, тойларға тапсырыспен торт дайындаймыз. Қазіргі таңда тұтынушылар торттың дизайнына аса көңіл бөледі. Біз сондықтан кәсібилігіміз арттырып, басқа да кондитер мамандармен тәжірибе алмасып тұрамыз, – деді жеке кәсіпкер Айна Асылбекқызы.  

 

Тағы да оқыңыз: