Kyzylorda-news.kz  Аудан орталығында «Тереңөзек тазалығы» мекемесімен санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Оның барысында көшелер қоқыстардан тазарып, аялдамалар сырланып, ағаштар әктелуде. Көшелерге су себіліп, тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Күнделікті аумағы кеңейіп келе жатқан Тереңөзек кентінің көркі айшықтала түсуде. Арнайы тікелей тазалықпен айналысатын мекеме ашылып, сала мамандары мен техника тартылуда. Көктем мезгілінде санитартлық тазалықты сақтауға байланысты жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте, шет аймақтар назардан тыс қалып жатқан жоқ. Жергілікті халыққа тазалыққа атсалысуға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар биыл Тереңөзек  кентіндегі «Майжарма» каналаның жағасы абаттандырылды. Қазіргі  уақытта аталған аумақ жергілікті тұрғындарының демалыс аймағына айналды. Қашанда аудан тұрғындарына қолайлы орталы орта қалыптастыру мақсатында тазалық акциялары жалғасын табатын болады.

Туған жердің көркейіп, гүлденуі әрбір тұрғынға тікелей байланысты. Тазалыққа тиянақтылық танытып, көркейту-көгалдандыруға жұмыла кірісіп, бәріміз ауданның көркеюіне үлес қосайық. Тазалық жұмыстары тәулік бойы көше бойларында жалғасады.

Тағы да оқыңыз: