Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі Б.Момышұлы көшесінің тұрғындарымен кездесті. 

Аудан басшысы көше тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Тұрғындар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, көпір, электр жарығы, ойын алаңы, аяқ суға қатысты мәселелерін жеткізді.

Аудан әкімі барлық мәселе назарда екенін, бюджет мүмкіндігіне байланысты кезектілігімен іске асырылатынын атап көрсетті.

Тағы да оқыңыз: