Kyzylorda-news.kz. Бүгін аудан әкімі Берік Сарменбаев кент орталығындағы Д.Қонаев көшесінде бастау алған орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. 

Аталған жұмыстарды орындау «Айзон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелген. Аудан әкімі мердігер мекемеге атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының сапалы, әрі уақытылы жүргізілуін тапсырды.

Сонымен қатар, биыл Тереңөзек кентінде 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 

Бүгінде Тереңөзек кентінде көшелерді жөндеу жұмысы жүргізілуде. «Айзон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Д.Қонаев көшесін жөндеуге жауапты мекеме саналады. Біз қай кезде де, тұрғындардың талап-тілегін орындауға мүдделіміз. Алдағы уақытта көшені жөндеуді сапалы орындауға байланысты бақылау жүргізілетін болады, – деді аудан әкімі.  

Атап айтқанда, Қ.Бөдеев көшесі 2 км, Ә.Тоқмағанбетов көшесі 0,8 км, Ә.Тәжібаев көшесі 0,5 км, А.Алиакбаров көшесі 1,9 км, Айтбай арық көшесі 0,5 км, Д.Қонаев көшесі 1,3 км, Б.Момышұлы 1,2,3,4,5,6 көшесі 1,8 км мердігер мекемелері анықталып, тиісті жұмыстар жасалуда. Ал А.Тоқмағанбетов 2,4,5,6, Б.Өтепов, С.Усабаев, Ә.Найзабаев, Т.Қозыбаев көшелері бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
a1cff42d-2d7a-4397-96d1-ac673dd21e4f.jpg

Тағы да оқыңыз: