Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентінде күрделі жөндеуден өтіп жатқан көшелердің жұмысымен танысты.

Биыл осы бағытқа бюджеттен 500 млн. теңге бөлініп, «РиА Сервис ЛТД» ЖШС-мен келісімшарт жасалған. Қазіргі таңда аталған қаржы есебінен кент аумағындағы 9 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

FB_IMG_1789279092468.jpg

Аудан әкімі жол жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуын және белгіленген мерзімнің сақталуын тапсырды.

Аудан басшысы кент көшелерінің жай-күйін жақсарту тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастырудың маңызды бөлігі екенін айтып, жұмыстарды сапалы әрі жүйелі жүргізу қажеттігін атап өтті және тиісті тапсырмаларды жүктеді

Тағы да оқыңыз: