Kyzylorda-news.kz. Жалпы, Тереңөзек кентінің Даму жоспарында барлығы 3 индикатор және 14 инвестициялық жобалар енгізілген болатын. Өткен  жылы  3 индикатор толығымен орындалғаны мәлім. 13 инвестициялық жоба бойынша 11 жоба орындалған болып табылады. Ал 2 жоба орындалмаған. 1 жобаның құрылысы жүргізілуде. 1 жоба қатысушысы көшіп кеткені мәлім болды.

Негізінен, Тереңөзек кентінің халық саны – 11484 адамды құрайды.  Аудан орталшығында 2701 отбасы тұрады. Экономикалық белсенді халық саны – 4847 адам екенін айта кетейік. Есепті кезеңдегі жұмыссыз халық саны – 671 адам.  Тереңөзек кенті бойынша Өткен жылы 671 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде тұрақты жұмысқа-373, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгендер – 229, жастар тәжірбиесі бойынша жіберілгендер саны   – 62, ұрпақтар келісім шарты – 1 болып табылады. 

– Біз Тереңөзек кентінде жұмыссыз жандардың санын азайтуға барымызды салып келеміз. Аудандық жұмыс қамту орталығымен бірлесіп, біршама жұмыстар атқарылуда. Жастар тәжірибесі арқылы еңбек етіп келе жатқан аудан тұрғындарының кәсіби біліктілігін арттыру жүзеге асырылады. Аудан орталығы кеңейіп, құрылыс қарқынды жүргізіледі. Өз кезегінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік зор. Тереңөзек кенті – ауданның күретамыры саналады. Осы ретте, ауданды көркейту-көгалдандыруға барымызды саламыз, – деді Тереңөзек Кентінің әкімі Ержан Бақтияров.

 

 

Тағы да оқыңыз: