**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/) Атырау қаласында орналасқан «Тенгиз-Шевройл» ЖШС-на түрлі мамандықтар бойынша жұмысқа орналастырып беремін деп бірнеше қала тұрғындарын алдап, алаяқтық жолмен ақшаларын иемденген қызылордалық ұсталды.** > _«Оның жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 3 454 200 тенгені құрады. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғыны тұтқындалып, кінәсін толығымен мойындады. Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде айыпталушыға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің бапсасөз қызметі._