Kyzylorda-news.kz Ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдау- «AMANAT» партиясының басты басымдықтарының бірі.

Партия инклюзивті саясатты қолдап, ерекше жандардың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Өткен аптада Астана қаласында «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының бастамасымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстанның бочча федерациясы, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, Спортты дамыту дирекциясы және Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп, «Тең мүмкіндіктер» атты 500-ге жуық баланың қатысуымен республикалық инклюзивті спорт фестивалі өткізілді.

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткізілген инклюзивті спорт фестивалінің аудандық кезеңінде І орын алған Қазалы ауданы,  Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп-лицейі мен Жанқожа батыр ауылындағы №94 орта мектебінің командалары Қызылорда облысынан Астана қаласында өтіп жатқан республикалық кезеңге қатысып, Сыр өңірінің намысын қорғады.

Аудандық партия филиалында республикалық шараға қатысып, ерекше белсенділік танытқан бүлдіршіндермен олардың жетекшілерін марапаттау жиыны өткізілді.

Шара барысында сөз алған Нұрғиса Жаппарбергенұлы кедергісіз орта құру партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі екенін атап, инклюзивті спортты дамытудың маңыздылығына тоқталды. Жиын соңында бүлдіршіндер мен олардың жетекшілеріне арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Тағы да оқыңыз: